М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет
  
Қазақша Русский English
Меню
 Жаңалықтар
 Жалпы мәліметтер
 Бөлімшелер
 Талапкерге
 Оқу
 Ғылым
 Халықаралық қызмет
 Конференциялар
 Студенттік өмір
Координаты
Адрес: 090000, г. Уральск, ЗКО пр. Достык-Дружбы, 162 Тел./факс: 8 (7112) 512632 E-mail: zapkazgu@wksu.kz
Жарнама














 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ сайтына қош келдіңіздер!

Біздің университет облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтың бірі болып табылады.

Еліміздің ірі мәдени - өнеркәсіптік аймағына жататын Орал өңірі тарихымен тығыз байланыста дамып келе жатқан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәртебесін ерекше мақтан етеміз.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ерекшелігі – бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. 2007 жылы 75 жылдық мерей тойын атап өтті.

Бұл жылдарда университетіміз барлық республика, облыс көлемі бойынша көптеген даңқты есімдерді тізімге енгізді. Университетіміз Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесін зор мақтанышпен айта аламыз.

Университетіміздің қабырғасынан білім алған 65 мыңнан астам жоғары білікті мамандар – баға жетпес мұрамыз, кәсіби – рухани байлығымыз. Университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасайды. Атап айтсақ: ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі - Б.С.Әйтімова, Елорда – Астананың әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ құрметті профессоры - И.Н.Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Ж.Ш.Кәкішов, Екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш - Л.И.Беда, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінің төрағасы - Р.К.Сариева, ҚР Парламентінің бұрынғы сенаторы, жазушы - Э.Г.Ғаббасов, Татарстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы - Р.И.Нафигов, КСРО ҒА Поволжье археологиялық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы - Б.Железчиков, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор - А.Д.Тайманов, ҚР Парламанті мәжілісінің депутаты - Е.И.Тарасенко, биология ғылымдарының докторы, профессор - Е.А.Ағелеуов және т.б.

Қоғам мен саяси, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғалар университеттің құрметті профессорлары: Е.Мүсіреп, А.Бақтыгереева, Қадыр Мырза Әли, И.Тасмағамбетов, Ә.Дінішев, Т.Мұсабаев, Т.Шамелов, А.Амонашвили, М.Бисенғалиев, Крис Крейкер, Б.Ізмұхамбетов.

Бүгінде аймақтағы ірі білім және ғылым ошағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті өз тарихын, озық дәстүрлерін сақтаумен қатар, әрдайым даму, жетілу үстінде.

2004 ж. желтоқсанында университет халықаралық сапа сертификатын ИСО 9001-2000 алды. 2005 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның бірінші жоғары оқу орындарының қатарында болып «SPI Алтын белгісінің» лауреаты атанды (Париж, Франция); 2006 ж. 16 қыркүйегінде университет пен Болоньяда (Италия) Еуропа елдерінің білім беру жүйесін үндестіру мақсатында Магна Хартия құжатына қол қойылды. 2006-2007 ж.ж. университет «Бірлескен Еуропа» (Оксфорд, Ұлыбритания) және «Еуропалық сапа» (Оксфорд, Ұлыбритания) халықаралық марапатына ие болды; «Ұлттық экономика көшбасшысы» халықаралық премиясына (Ресей, Мәскеу); Астана қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты ІІІ және IV халықаралық көрмеде «Интеграцияланған оқу бағдарламаларын талдауға және өндіріске енгізуге қосқан үлесі үшін», «Жоғары оқу орындарының ең үздік басылымы» дипломдарымен марапатталды, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне - ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясы табыс етілді.

2009 ж. ресейлік «Рейтор» тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті әлемге танымал 500 университеттің ең үздіктер қатарына енген Қазақстанның 7 жоғары оқу орындарының бірі.

Университет құрылымында: 63 мамандық бойынша кадрларды дайындайтын 26 кафедра, ОӘЖ және оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімі, әкімшілік-кадрлық бөлімі, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар басқармасы, тәрбие ісі және жастар саясаты басқармасы, жастар даму орталығы, ішкі және сыртқы бағалау бөлімі, халықаралық ынтымақтастық қызметі, аналитикалық орталық, ақпараттық технологиялар орталығы, экономиканың аймақтық мәселелері орталығы, «Мәдени мұра» орталығы, магистратура және аспирантура, Қазақстан тарихы бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қорғау саласында диссертациялық кеңес, инновациялық-әдістемелік жұмыс департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы аймақтық ресурс орталығы, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы, машықты және еңбекке орналастыруды ұйымдастыру бөлімі, ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі, қоғамдық ақсақалдар кеңесі, жас ғалымдар кеңесі және т.б.

Университет құрамында: экономика және басқару институты, мәдениет және өнер институты, педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану-математикалық және әлеуметтік-гуманитарлық факультеттері, колледж, қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Студенттік өзін-өзі басқару, жастар қоғамдық бірлестігі, студенттер театры қызмет етеді. Студенттердің КТК ойындары, слеттері, дебаттары, турнирлері дәстүрлі түрде өтіп отырады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-білім және материалдық базасымен осы заманға сай толық жабдықталған: 8 оқу ғимараты; оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары; Батыс аймағының оқу орнына арналған ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын 1 млн. астам кітап қорын құраған ғылыми кітапхана; 9 оқу залы, оның ішінде, электронды зал, компьютерлік кешен, интернет және мультимедиалық кластар, оқу телеарнасы, заң клиникасы, спорт сарайы, экология және биогеохимия сынақ зертханасы, баспа орталығы, университет мұражайының бес филиалы, балет залы, тігін және зергерлік шеберхана, студенттік асханалар мен кафе, жатақхана, Шалқар өзенінің демалыс аймағы.

Университетте 7000 астам студенттер білім алуда. Биылғы 2009-2010 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы 505 адам. Олардың ішінде ғылыми әлеует – 20 профессор, 21 ғылым докторы, 146 ғылым кандидаты, 96 доцент, 80 магистр, 14 оқытушы халықаралық байқаулардың лауреаты, 11 оқытушы республикалық байқаулардың лауреаты, 3 ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Университетте 3 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, 4 ҚР Спорт шебері, 5 ҚР еңбек сіңірген әртісі жұмыс жасайды.

Біздің оқу орнында табиғи экожүйесі бойынша, педагогика мәселелері және Қазақстан тарихы бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан. БҚМУ Спорт клубында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жүрген спорттың 17 түрінен университеттің 800 студенті 24 секциясымен бірлескен. Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы арасында спорттың 5 түрінен спартакиада оздырылып отырады, спорттың 12 түрінен БҚМУ студенттері республикалық универсиадаларға қатысады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті алыс және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық қарым-қатынасты нығайтып, дамытуда. Бүгінгі таңда университет Германия, АҚШ, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Украина, Грузия, Литва, Әзірбайжанның ЖОО-мен ынтымақтастықта 30-дан аса келісімшарт жасады.

Қазіргі таңда білім ордасы Қазақстанның педагогикалық білім саласының бір флагманы болып табылады және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әр салаға талапты, кең бейінді мамандарды дайындау үстінде.

БҚМУ ректоры Т.З. Рысбеков.


Жаңалыктар : Ғылыми кітапхана қорына жаңа келіп түскен басылымдар.
 
Орналастырған 22/01/2010
толығырақ
Жаңалыктар : 26 желтоқсан 2009 ж.
 
Орналастырған 11/01/2010
толығырақ
Жаңалыктар : 30 қазан 2009 ж.
 
Орналастырған 11/01/2010
толығырақ
Жаңалыктар : 2010 жылдың 5-6 қантар
 
Орналастырған 11/01/2010
толығырақ
Хабарландыру : 2010 жылы 1 сәуірда
 
Орналастырған 08/01/2010
толығырақ
Ауылдың жүктелу уақыты: 0.07 секөнд