Есбергенова Гульнар

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлегінің пікірі

esbergenova 1-minМенің аты-жөнім Есбергенова Гульнар. Орал қаласы, М. Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2012 жылғы түлегімін. Университет қабырғасында оқып жүргенде, яғни 1-ші курста менің тобымнан бір студент «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен шет елге оқуға түсіп, өз арманына қол жеткізді. Шет елде оқу менің де арманыма айналды. 4-ші курста университетімізге Болашақ орталығынан, Астана қаласынан өкіл келіп, студенттерді аталған бағдарламаға оқуға шақырды. Мен документтерімді жинап, оқуға тапсырдым. Бағдарламаға түсу қиын болды, себебі 5 турдан тұрды: қазақ тілінен тест тапсыру, ағылшын тілінен IELTS экзаменін тапсыру, психологиялық диагностикадан өту, эксперттік комиссиямен дербес сұхбат жүргізу және жалпы конкурсқа түсу. Президентіміз ұсынған «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын 2013 жылы ұтып алып, сол жылы тілдік курс өтуге Ұлыбритания елінің, Колчестер қаласы, Эссекс университетіне кеттім. Бірінші келгендегі әсерім өте керемет болды, ең бастысы ауа басқа, яғни ағылшын елі екенін білдірді.

 esbergenova 2-min Мен Колчестер қаласына, жатақханаға орналастым. Жыл бойы ағылшын тілін жетік меңгеруге талпынып оқыдық. Тобымызда әр елден келген түрлі студенттер болды, мысалы Сауд Арабиясы, Түркия, Греция, Қытай, Жапония және Кипр. Тілдік курстағы аудио тыңдаудан, грамматикадан, текст оқудан және басқа да қосымша сабақтардан тұрды. Сабақтан бөлек, оқытушымен бірге сыртқа шығып, пикник ұйымдастырып тұрдық. Тілдік курс біткен соң, магистратураға дайындық курсын Сюррей қаласы, Сюррей университетінде оқып, одан керекті балл жинап, аталған университетке магистратураға оқуға түстім. Сюррей қаласы өте тыныш, оқуға жақсы жағдай жасалған. Менім университетім басқа қалаларға қарағанда өзгеше болды, себебі онда оқу өте қиын, қазақтар аз және қалада заттар өте қымбат. Жақсы жақтары, Сюррей қаласы Лондонға жақын орналасқан және Лондонға әр демалыс сайын барып тұрдым. Одан бөлек, Брайтон қаласының тасты жағажайын, Борнмуттың құмды жағажайын, Кэмбридждің әлемге танымал колледждері мен университеттерін, Шекспирдің туған  жері Стрэтфорд-эпон-таунды, Ұлыбритания королевасы Елизавета 2-нің демалыс кезінде тұрақтайтын жері Уиндзор қамалын көрдім. Бір қызығы, қала көшелерінде ән айтып, гитарада ойнайтын адамдар көп. Адамдар еркін, кешірімді, сыпайы. Сабақтың ерекшелігі пән таңдаудағы еркіндік. Магистратура студенттері белгілі бір кредит санына сай пән таңдай алады. Менде, аударма проблемалары, мәдениет саласындағы аударма, жарнама тілін аудару, зерттеу әдістері, компьютер арқылы аудару және португал тілінен аударма деген сабақтар болды. Үй тапсырмаларын оқытушылар кунделікті бермей, алдын ала бір ай бұрын беріп қояды. Бағалау өте ұзақ және қиын түрде өтеді. Сабақтан өзге, өзіме жақын достар таптым, олар Англияның Уайлт аралынан келген Джессика, Кипрден келген Елена, Қытайдан келген Шений. Біз өте жақын болып кеттік, әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Әр демалыс сайын кафелерге, фестивальға, кинотеатрға барып және пикник ұйымдастырдық. Екі жарым жылға созылған Ұлыбритания еліндегі саяхатым сабағым біткен соң аяқталды. Шет елге шығып өз елімді танытқаным үшін, үлкен өмір сабағынан өткенім үшін өте қуаныштымын. Шет елде оқу мүмкіндігін сыйлаған, біріншіден еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, екіншіден мені университет атынан жіберген М.Өтемісов атындағы басшылыққа, яғни ректор А.С. Иманғалиевке және проректорларға, халықаралық бағдарламалар орталығына, кафедра оқытушыларына психологиялық көмек бергені үшін шексіз алғысымды білдіремін. Менің алдымда университетіме үлкен үлес қосу деген мақсатттар жатыр, соларды орындауға бар күшімізді саламыз! 

esbergenova 3-min esbergenova 4-min esbergenova 5-min esbergenova 6-min